21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: azattyq-ruhy.kz
339
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады. Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады. Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.