Аулада есірткі шеккен ер адам «Сергек» камерасына түсіп қалған – видео
Аулада есірткі шеккен ер адам «Сергек» камерасына түсіп қалған – видео
Фото: Видеодан скриншот
471
оқылды
Өскеменде ер адам аулада марихуана шеккен. Оның әрекеті «Сергек» камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол «Сергек» АБК камерасына түсіп қалған. Мұны камерадан байқаған полицейлер бірнеше минутта оқиға орнына барды. Полицейлерді көрген жас жігіт жасырынып үлгермеді. Есірткіге масаң күйде болған. Полицейлер салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуананың тәркіледі. https://youtu.be/fX8fcZhi3LE Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.