Талдықорғанда 3 жасар баланы аяусыз ұрып өлтірген күдікті күтуші қайта қамауға алынды
Талдықорғанда 3 жасар баланы аяусыз ұрып өлтірген күдікті күтуші қайта қамауға алынды
Фото: www.nur.kz
1,041
оқылды
Талдықорғанда 3 жастағы баланы аяусыз ұрып, өліміне себепкер болған күдікті бала күтуші қайта қамауға алынды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Талдықорғанның прокуроры Бақытжан Ашеев мәлімдеді.
«Сот прокуратураның жеке өтінішін қанағаттандырып, бала күтушіні қайта қамауға алды», – деді Бақытжан Ашеев.
Айта кетейік, Талдықорғанда 3 жастағы баланы аяусыз ұрып, өліміне себепкер болды деген күдікпен 23 жастағы қыз бала ұсталған болатын. Бастапқыда қамауға алынған ол, кейіннен сот санкциясымен үйқамаққа босатылған еді.
«Үйқамаққа жіберілген күдікті бұған дейін сотталмаған, кінәсін толық мойындаған, тергеуден қашпаған, тұрғылықты жері болған. Осыны негізге алып, сот оны үйқамаққа жіберген. Бұл жерде біз соттың шешімін заңсыз деп санамаймыз, бірақ негізсіз деп санаймыз. Сол себепті, қылмыс ауыр санатқа жататындықтан, күдікті қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін. Соған сәйкес, біз прокуратура тарапынан соттың күдіктіні үйқамаққа жіберген шешімімен келіспей, қайта күдіктіні қамауға алу жөнінде өтініш хат жолдадық. Сот біздің өтінішімізді қанағаттандырып, күдіктіні қайта қамауға алу жөнінде шешім шығарды», – деді қала прокуроры Бақытжан Ашеев.