Оралда қоқыстан 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды
Оралда қоқыстан 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды
Фото: aikyn.kz
506
оқылды
Батыс Қазақстанда зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 19.05-те Оралдағы Круглоозерный кентінде болды.
«Қоқыс арасынан зорлықпен өлтірілген азиат пішіндес, жасы 30-35-тердегі ер адамның мүрдесі табылды. Кейін оның Казталов ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Көп ұзамай осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1999 жылғы тұрғын ұсталды. Қазір аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін қоқыстан табылған сәбидің анасы ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.