Оралда 3 оқушы қызды қаққан жүргізушінің есірткі шегіп алғаны белгілі болды
Оралда 3 оқушы қызды қаққан жүргізушінің есірткі шегіп алғаны белгілі болды
Фото: ПД-нен алынды
283
оқылды
Орал қаласында көлік жүргізушісі автокөлігімен 3 оқушы қызды қағып кетті. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 32 жастағы жүргізуші кеше түсте «ГАЗ-53» автокөлігімен (ассенизатор) №30 орта мектеп маңында 3 жасөспірімді қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан 2009, 2010 және 2011 жылғы қыздар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудың әсерінен есірткіге мас болған. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігіне (Жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген ресми хабарламада.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.