Екі ер адам ірі алаяқтық жасап, камераның объективіне түсіп қалды. Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған.
- Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрайды. Содан соң қаскөй әйел адамға телефонына келіп түскен кодты айтатын болса, шотқа кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғаныс орнатамыз деп сендірген. Өзін алдап тұрғанынан еш күдіктенбеген әйел айтылған талаптарды орындаған, ал бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Банктегілер 5 мың доллардан астам қаражаттың шоттан шешілгенін хабарлады,- деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов