2GIS қосымшасының өкілі App Store жүйесінен жойылудың себебін түсіндірді
2GIS қосымшасының өкілі App Store жүйесінен жойылудың себебін түсіндірді
268
оқылды
App Store жүйесінен жойылған 2GIS мобильдік қосымшасының өкілі хабарлама таратты. «2GIS AppStore жүйесінен жойылды, бірақ қазірдің өзінде орнатылған қолданбалар жұмысын жалғастыруда – деректер күн сайын жаңартылып отырады, бұрынғыдай, қолданбада кез келген қаланы жүктеп алуға болады. 2GIS-ті әлі де Google Play дүкенінен жүктеп алуға болады", – деді компанияның баспасөз қызметі. Ал iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес – бұрыннан орнатылған 2GIS қолданбасын жоймау. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліңізде белгішені орнатыңыз. Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2GIS жүйесіне кез келген жолмен кіруді сұрайды.