Оралдық кәсіпкер Ресейден қашқандарды кинозалына түнеуге шақырды
Оралдық кәсіпкер Ресейден қашқандарды кинозалына түнеуге шақырды
479
оқылды
Оралда кинотеатр директоры Ресейден қашқандарды кино залына түнеуге шақырды. CinemaPark кинотеатры директорының айтуынша, Ресейден келіп жатқандардың көптігіне байланысты Оралда баспана бағасы көтеріліп, оны жалға алу қиындап кеткен.
"Қала көшелерінен баспана іздеген Ресей Федерациясының азаматтарын көріп жүрміз, бізге келіңіздер. Ұялмаңыздар! Сіздерді кинотеатрдың әкімшісі күтіп алады. Біз залды босатып береміз. Біз бәрін түсінеміз”, – деді кинотеатр директоры.