Оралда жалға берілетін баспана бағасы үш есе өсті
Оралда жалға берілетін баспана бағасы үш есе өсті
378
оқылды
Оралда соңғы үш күнде жалға берілетін тұрғын үй бағасы үш есеге қымбаттады. Мүлікті жалға беру бағасының күрт өсуі Путин жариялаған ішінара мобилизациядан кейінгі ресейліктердің ағынына байланысты болып отыр. "Мой город" басылымының жазуынша, пәтер бағасы екі есе, кей аудандарда үш есе өскен. Тіпті қала шетіндегі бір бөлмелі пәтерлердің өзі 150 мыңға жеткен. Ал «элиталық» пәтерлердің бағасы айына 600 мыңға дейін өскен. Көші-қон полициясының мәліметінше, үш күн ішінде, яғни 20-23 қыркүйек аралығында Ресейден Батыс Қазақстан облысына әдеттегіден үш есе көп ресейліктер келген. Бұл 8,5 мыңнан астам адам.