Министрлік білім мәселесі бойынша тікелей хабарласуға болатын телефон нөмірін жариялады
Министрлік білім мәселесі бойынша тікелей хабарласуға болатын телефон нөмірін жариялады
Фото: news.myseldon.com
312
оқылды
Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Сенбі мен жексенбі демалыс күні болып саналады. Өңірлік білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі. Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Азаматтарды көбінде балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмысын жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізеді. Білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру ең өзекті мәселе болып отыр.