Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: wkau.edu.kz
73
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызмет лауазымдарында, ал 2000–2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Бұған дейін Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.