Шетелдіктердің жаппай келуіне байланысты 8 ХҚКО күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр
Шетелдіктердің жаппай келуіне байланысты 8 ХҚКО күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр
Фото: gov.kz
786
оқылды
Шетелдіктердің ХҚКО-ларға жаппай келуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы күшейтілген ХҚКО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды. Корпорация өкілдері атап өткендей, шетелдіктер Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында орналасқан 8 күшейтілген ХҚО-да қабылданып жатыр.
«Қабылданған шаралар ХҚКО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады», - делінген хабарламада.
Енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚКО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті мына мекенжайлар бойынша ала алады:
- Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А; - Астана қ., Сауран к-сі, 7; - Павлодар қ., Павлов к-сі, 48; - Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2; - Қостанай қ., Гашек к-сі, 14; - Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157; - Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а; - Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249.
ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.
«Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз», - делінген хабарламада.
Қалған ХҚКО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қонақтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.
«Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз», - делінген хабарламада.