Ақтөбелік зейнеткер белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберген
Ақтөбелік зейнеткер белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберген
385
оқылды
Ақтөбелік зейнеткер өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырған белгісіз біреуге 36 млн теңге ақшасын аударып жіберген. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тағы бір алаяқтық деректі тіркеді. Бірер күн бұрын ғана Ақтөбе қаласының полиция басқармасына 65 жастағы зейнеркер арыз түсірді. Ол әлеуметті желі арқылы танысқан алаяқтың құрбаны болғанын айтты.
«Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жібермін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Кейін сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керегін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар белгісіз «күйеу жігіт» зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.