Мәди Елюбаев: Жалған ақпарат тарататындардың мақсаты – ел ішінде дүрбелең туғызу
Мәди Елюбаев: Жалған ақпарат тарататындардың мақсаты – ел ішінде дүрбелең туғызу
Фото: optimism.kz
452
оқылды
Мәжіліс депутаты, Парламенттегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мәди Елюбаев жалған ақпарат тарататындарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы депутат Facebook  парақшасында жазды.   – Жауапкершіліктен бас тартпас бұрын, оны тапсыратын біреуді табыңыз. Бұл сөзді жалған ақпарат тарататындардың барлығына айтқым келеді. Осыған орай, Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда интернетте жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кеткені туралы мәлімдеме жасады. Кейбір блогерлер әлеуметтік желілердегі танымалдылығын теріс мақсатта пайдаланады. Олардың арасында ұлтаралық араздықты қоздыру, бопсалау және т.б. бағытталған жазбалар бар. Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламын. Арандатушылар өздерінің ақпаратының ақырғы нәтижесін ойламайды, олардың міндеті – елімізде дүрбелең мен хаос себу, әсіресе сайлау кезеңінде. Қорыта келе, баршаңызды тұрақсыз уақытта арандатушылардың сөздеріне сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын. Күні кеше Бас прокуратура халыққа үндеу жасаған болатын.