Бір күнде 13 мың ресейлік ЖСН алуға өтініш берген
Бір күнде 13 мың ресейлік ЖСН алуға өтініш берген
Фото: kolesa.kz
260
оқылды
Мобилизациядан кейін елге келген ресейліктерден ЖСН рәсімдеуге бір күнде 13 мың өтініш түскен, – деп хабарлайды AstanaTV. Ресей азаматтары ЖСН алу үшін жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жатыр. Соның салдарынан ХҚКО-да ұзын-сонар кезек  көбейді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов: «Қазіргі кезде елімізде бейрезиденттерге ЖСН беру еңбек шарттарын бекіту, көрсетілген қызметтер үшін қаражат алуға, әкімшілік жазаға тартуға, салық есептілігін жүргізуге, сондай-ақ, түрлі банк операцияларын жүргізу үшін керек. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетінін атап өткім келеді. ЖСН бір жұмыс күні ішінде дайындалады. Бейрезиденттің қолында паспорт болуы қажет», – деді.
ЖСН алу үшін келген ресейліктердің басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларында тіркелген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары  күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин: «Қазақстандықтарға ЭЦҚ берген кезде қосымша қызметтер болмауы үшін біз биометриялық сервистерді іске қостық. Бірақ қазақстандықтардың биометриялық деректері мемлекеттік деректер базасында болғандықтан біз оларды тексере аламыз. Ал шетелдік азаматтарға қатысты мәселені «последконтроль» деген бар. Сол тетік арқылы қадағалап жатырмыз. Егер мұндай жағдайлар тіркелсе және дәлелденсе ондай адамдармен, қызметкерлермен келісімшартты жоямыз», – деді.