Боксшы Василий Левит қызметке тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының дене шынықтыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал етуге міндетті.
Василий Левит 1988 жылы туған. Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.
Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиадаға қатысқан. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.