Алдағы үш күнде елімізде 10 градус аяз болады
Алдағы үш күнде елімізде 10 градус аяз болады
Фото:elements.envato.com
381
оқылды
«Қазгидромет» РМК 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
«Суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер ететіндіктен, түнде еліміз бойынша ауа температурасы төмен болады және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашын тоқтауы мүмкін», – делінген хабарламада.
Синоптиктер солтүстік-батыстан жылжыған циклон ықпалына байланысты республиканың батысында ауа температурасының біртіндеп жоғарылайтынын айтады. Жалпы республика бойынша: солтүстік жартысында – тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-13 градус жылы болады. Тек республиканың батысында күндіз термометр бағандары 17-30 градус жылыға дейін көтеріледі.