Қытайдың солтүстік-шығысында мейрамхана өртеніп, 17 адам қаза тапты
Қытайдың солтүстік-шығысында мейрамхана өртеніп, 17 адам қаза тапты
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Чанчунь мегаполисінде мейрамханалардың бірінде болған өрт салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inform.kz. Телеарнаның мәліметінше, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:40-та кезекші қызметінің пультіне Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де іздеу-құтқару жұмысы аяқталды. 17 адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті. Олар жергілікті ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Өрт салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу басталды.