Танымал әншіден таяқ жеген жігіт Көлсай жақта жол сілтеуші, яғни гид қызметін атқарады екен. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, Төреғали оған жұдырық жұмсаған көрінеді. Содан жас жігіттің қабағы жарылған. Қазнетті шулатқан бейнежазбаға қатысты Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде пікір білдірді.
"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша, мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", – деп жазды Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде.