Тісі ауырған жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Тісі ауырған жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
3,549
оқылды
47 жастағы азамат бес күн бойы тісі ауырса да шыдап, өзінше ем-дом жасаған. Бірақ ауру жазылғанның орнына асқына бастаған, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ер адам ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, тіпті бір күннен кейін жағдайы тіптен нашарлаған. Дәрігерлер ауыз қуысын тіліп, іріңді құрылғымен соруға мәжбүр болды.
"Ауыз қуысында ашық іріңді жара болған, оған қоса мойыны күп болып ісіп кеткен. Диагнозы – "медиастинит". Бұл, шын мәнінде, науқастың өміріне қауіп төндіретін өте күрделі асқыну. Бәрі қарапайым тісжегіден (кариес) басталған", – дейді Петропавл қалалық Көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин.