Қазақстандық ер-азаматтар да ұрығын өткізіп, табыс таба алады – отбасылық дәрігер
Қазақстандық ер-азаматтар да ұрығын өткізіп, табыс таба алады – отбасылық дәрігер
1,886
оқылды
Донор болған ер азаматтарға бірреттік шауһаты үшін 30 мың теңге шамасында төленеді. Мұндай мәліметті отбасылық дәрігер, психолог Шырын Араз өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында айтты. Ол үшін донор болғысы келетін жігіттер міндеттелген медициналық тексеруден өтулері қажет.
"Расымен, мұндай донорлық бізде бар. Ол үшін бірнеше анализ түрлерін тапсыру керек. Содан соң барып қана өзінің ұрығын арнайы ЭКО орталықтарына өткізуге болады", - дейді дәрігер.
Алайда донорлықтың бұл түріне кейбір желі қолданушылары қарсы екенін жазуда. "Бізде жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды. Ал ұрығын өткізген донордың кім екенін біле алмайсың. Сондықтан қан бұзылуы мүмкін", "Жетім баланы асырап алған дұрыс қой одан гөрі", "Сосын байқамай болашақта балалары үйленсе, ұрпақтары ауру болады ғой" деп жазды әлеуметтік желі оқырмандары.