Қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында пәтер құны айтарлықтай қымбаттаған
Қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында пәтер құны айтарлықтай қымбаттаған
471
оқылды
Қыркүйек айында қайталама нарықтағы пәтердің орташа құны Қазақстанның үш қаласында өскен, - деп хабарлайды Krisha.kz сайты. Басылым мәліметінше, ең көбі Алматыда өскен: +1,9 пайыз. Алматыда пәтердің шаршы  метрі орта есеппен 671,3 мың теңгеге сатылған. Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) баға 1,3 және 1,2 пайызға өскен. Ал жеті қалада динамика аз-маз байқалады: Ақтөбеде: +0.9 пайыз, шаршы метр - 277,1 мың теңгеден; Оралда: +0.8 пайыз, 306,5 мың; Шымкентте: +0.4 пайыз, 421,5 мың; Таразда: +0.2 пайыз, 296,3 мың; Павлодарда: +0.2 пайыз, 362,5 мың; Көкшетауда: +0.1 пайыз, 322,3 мың; Ақтауда: +0.1 пайыз, 294,4 мың. Тек үш қалада баға өзгермеген: Өскемен, Талдықорған және Қарағанды тамыздағы деңгеймен қалған.