Екі пациенттің өліміне кінәлі деп танылған ресейлік дәрігер елден қуылды
Екі пациенттің өліміне кінәлі деп танылған ресейлік дәрігер елден қуылды
4,713
оқылды
Ішкі істер министрлігі елден шығарылған ресейлік дәрігер жайында мәлімет таратты. Айта кетейік, әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің елден шығарылуы жөнінде ақпарат шықты. Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, 23 қыркүйек күні РФ азаматы Роман Алферов «Қордай авто» бақылау-өткізу пунктінде шекара қызметкерлеріне тапсырылған.
«Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ арызы бойынша Қазақстан заңнамасын бұзған Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделген. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Еске сала кетейік, Роман Алферов 2019 жылы пациент өліміне кінәлі деген айыппен сотқа тартылған болатын. Сот үкімімен хирург 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда қылмыс жасалғаннан бері үш жылға жуық уақыт өтіп кеткендіктен, ол босатылды.