Атырауда жасөспірімдер балабақшаны қиратып кетті
Атырауда жасөспірімдер балабақшаны қиратып кетті
636
оқылды
Атырау облысы Құлсары қаласындағы балабақшалардың біріне жасырын кірген жасөспірімдер есік-терезесін сындырып, бүкіл мүлікті жайратып тастаған. Олар ғимарат ішіне артқы пластик есікті жұлқып ашып кірген. Бүкіл бөлмелерді аралап, сөрелерін қопарған. Ойыншықтар мен заттарды шашып, кейбір мүліктерді тепкілеп сындырған. Бүкіл бөлмеге өрт сөндіретін сұйықтықты шашқан. Тыста жүрген күзетші іштен тарсылдаған дауыс естіп кіргенде, бір топ бала қашқан. Екі жасөспірімді  ұстап үлгеріпті.
"Даладан ішке кірдім. Тарсылдаған дауыс естілді. Дауыс шыққан жаққа қарай жүргенмін. Мені байқаған балалар бірі терезеден, бірі есіктен қашты. Артқы пластик есіктен кірген. Бәрін шашқан. Гүлдері қопарған. Ойларына келгенді істеген. Балабақша бөлмелерін қопарып тастаған. Маркермен мүліктерге сызған. Сөрелердегі заттарды әр жерге шашып тастаған. Екі баланы ұстап алдым. 6-7 сынып оқушылары. Осы айналада тұрады. Полиция шақырып, екі жасөспірімді соларға тапсырдым. Енді ата-аналарын шақыратын болар. Мынау масқара ғой. Қолдарында сіріңке болса, өртеп кететін де түрі бар", - дейді балабақша күзетшісі Насифолла Амиров.
Оқиға орнына келген полицейлер ұсталған екі баланың ата-анасын шақыртып, бұзақылық жасаған өзге балаларды да іздеп жатқанын айтты.