Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты  
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты  
Фото: polisia.kz
475
оқылды
Қызылорда облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Апат Самара – Шымкент тасжолында болған. Polisia.kz-тің мәліметінше, бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.    width= Жол апатына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Жарақат алған 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.