Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны айтарлықтай азайды. Өткен тәулікте коронавирус 29 адамнан анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Өңірлер бойынша:
Астана қаласында – 7,
Алматы қаласында – 9,
Ақмола облысында – 2,
Ақтөбе облысында – 1,
Атырау облысында – 2,
Жамбыл облысында – 1,
Батыс Қазақстан облысында – 1,
Ұлытау облысында – 1,
Қостанай облысында – 3,
Қызылорда облысында – 1,
Павлодар облысында – 1.
Сондай-ақ 3 қазандағы тәулік ішінде 104 адам аталған індеттен емделіп шықты.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.