Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан гидпен татуласты
Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан гидпен татуласты
Фото әншінің Instagram парақшасынан алынды
Әнші Төреғали Төреәлі Бекарыспен (Көлсай көлі маңында соққыға жыққан гид) түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеді. Төреғали өзінің әлеуметтік желіде бөліскен жазбасында Бекарыспен мәмілеге келгенін айтқан. Тіпті оны туған күнімен құттықтап, бір шумақ өлең арнапты.
«Ер шекіспей, бекіспейді» деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет! Қызық болғанда, бүгін Бекарыс бауырымыздың дүниеге келген күні екен. Ғұмырың ұзақ, өмірің берекелі болсын, інім!» – деп жазды әнші.