Белгілі саясаттанушы, партия Саяси кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде партияның жаңадан бекітілетін Саяси тұғырнамасына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жаңа саяси тұғырнама «Адам – мемлекеттің басты байлығы» деген идеяға негізделген.
– Партияның ескі платформасын жаңасымен салыстыра отырып, бірнеше маңызды айырмашылықтарды атап өтуге болады. Мысалы, ескі құжатта азаматтардың мүддесін қорғайтын құндылықтар мен идеялар айтылғанмен, онда құжатты жүзеге асырудың басым бағытында адамның әл-ауқатын көтеретін мәселелер қозғалмады. Ал жаңа Саяси платформа «Адам – мемлекеттің басты байлығы» деген идеяға негізделген. Бұл дегеніміз – әділ Қазақстан құру идеясына сәйкес келуі. Партия халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақты ұстанады, бұл ұстанымы құжатта да айқын көрсетілді, – деді Марат Шибұтов.