Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы басталды
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы басталды
472
оқылды
Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы басталды. Жиынды «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ашты.
«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан бүгін халықтық коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ең бастысы, сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді», – деді ол.