Оқушыларға сабақ уақытында жұма намазға баруға бола ма?
Оқушыларға сабақ уақытында жұма намазға баруға бола ма?
793
оқылды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматы тұрғындарымен кездесуде ата-аналардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Егер ата-анасы мұғалімге ескертіп қойса, сабақ уақытында оқушыны жұма намазға жібере ала ма? Қыз балалардың хиджаб орнына кимешек немесе капюшоны бар киім киюне рұқсат па? Алматы тұрғыны министрге осындай сұрақтар қойды.
«Біз зайырлы мемлекетпіз, оқу орындары да зайырлы. Сіздің қойған сауалдарыңызға жауап та соған байланысты болмақ. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, «жоқ» деп жауап қайтарамыз. Бізде мектеп формасына қойылатын талап пен жалпы ережелер бар», – деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.