Елордада ауқымды экологиялық сенбілік өтті
Елордада ауқымды экологиялық сенбілік өтті
Бүгін, 8 қазанда Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты жалпыұлттық экологиялық акция аясында ауқымды экологиялық сенбілік өтті, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты экологиялық акция, сондай-ақ «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық акциясы және экосенбілікте елорданың «жасыл белдеу» аумағында және қаланың барлық аудандарында жалпы ауданы 385 гектардан асатын саябақтар мен скверлерде тазалау жұмыстары жүргізілді. Елордалық полигонға 100 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, бүгінгі сенбілік бұрынғыдан өзгеше.  width=
«Қазір біз қоқыс полигонындамыз. Оның сыртында жинауға болатын қоқыс бар. Сондықтан біз полигонға іргелес жерлердегі қоқыстарды жинайық шештік. Бұл жолғы сенбілік жаңаша форматта. Егер бұрын жай ғана келіп аумақты қоқыстардан тазартатын болсақ, бүгінгісінде жастар әкімдік ұйымдастырған конкурстарға және концертке, сондай-ақ спорттық іс-шараларға белсенді қатысады», – деді Ш.Тілеулин.
Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру. Акцияға 3 600-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, эковолонтерлер, қоғамдық ұйымдар, ұжымдар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.  width=
«Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Менің ойымша, қалада қоқыс аз болды, өйткені жастар дұрыс өңдеуді, контейнерлерге тастауды үйренді. Еріктілер мұндай акцияларда қала ішінде және қала сыртындағы қоқыстарды жинайды. Қоқысты дұрыс өңдеу маңызды екенін атап өткім келеді, өйткені біздің табиғатымыз қоқыс емес. Таза қаланы болашақ ұрпаққа қалдыру үшін біз өзіміз таза ұстауды, табиғатты сақтауды үйренуіміз керек», – деп есептейді акцияға қатысушы волонтер Самрат Қақабаев.
Экологиялық акция аясында өскелең ұрпаққа арналған конкурстар, атап айтқанда армрестлинг, арқан тарту, гір көтеру бойынша спорттық ойындар және қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында викториналар өткізілді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.  width= Сондай-ақ, тұрғындар мен елордалық ұйымдар тұрғын алаптар мен аула аумақтарын таза ұстауға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл экологиялық айлыққа 261 мың адам және 18 мың ұйым қатысты, 6 мың тонна қоқыс жиналды. Жалпы ауданы 655,2 га болатын жерге 29 мыңнан астам ағаш отырғызылып, саябақтар мен скверлер тазартылды. Сондай-ақ, «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында коммуналдық сенбіліктер жоспарланған, әр сенбі сайын 15 қазанға дейін 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда.