Атырауда ерлі-зайыпты екеу психотроптық таблеткалар сатып келген
Атырауда ерлі-зайыпты екеу психотроптық таблеткалар сатып келген
200-ге жуық трамадол мен трапикамид таблеткалары есірткіге қарсы жүргізіліп жатқан арнайы операция кезінде тәркіленді. Оқиға 10 қазан күні сағат 16:00 шамасында орын алған.
"Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора-2022", "Рефлекс-2022" операциясы кезінде пәтер ішінде әсері қатты дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 1982 жылы туылған әйел адам мен 1987 жылы туылған ер адамды ұстады. Ерлі-зайыптылардың пәтерінен дәрігердің тағайындауымен ғана берілетін 171 дана трамадол, 97 дана тропикамид дәрі-дәрмектері тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты іс қозғалуда", – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.
Айта кетейік, әйел адам бұрын да дәл осындай құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетелік, атыраулық полицейлер жыл басынан бері заңсыз психотропты дәрі сатумен айналысқан 20 күдіктіні анықтады.

Баян Жанұзақова