– Дамыған елдердің тарихына үңілсеңіз, алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үміт артқаны өз Жолдауында айқын көрініс тапты. Қазір жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмысқа орналасу мәселесі алаңдататыны рас. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастың жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын бизнесте жастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілетініне нық сенімдімін. Берекелі қоғамның бастауы, әділетті мемлекеттің негізі де жастар, – деді ол.Сонымен бірге Жолдауда студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болатыны айтылғаны студенттерге жеткізілді. Айта кетейік, мұндай пікірлесу алаңы қала жастары арасында мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады.
Шымкент қаласы