Береке бастауы
Береке бастауы
300
оқылды
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің бо­ла­шағы жастарға, білім саласына ерекше көңіл бөлгені белгілі. Мемлекет бас­шысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жол­дауында жастарды қолдайтын бастамаларға көбірек мән берді. Шым­кент қаласындағы Жұмабек Тәшенев университетінде «AMANAT» пар­тиясының Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орын­басары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесуінде Жол­дауды жүзеге асыру төңірегінде пікірлесті. Мемлекет басшысы айтқандай, маңыз­ды мәселенің бірі – білім беру жүйе­сі, бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісін­де аса маңызды рөл атқарады. Осы­ны айтқан Мұратәлі Оразалыұлы Жол­дау­дың үшінші бағытында айтылған жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, олар­дың сапалы білім алуы мен жұмыс­пен қамтылуы және жас кәсіпкерлерді қол­дау жөніндегі мәлімдемелерін сөз етті. Кездесу барысында Мемлекет бас­­шы­сы жастарға көп үміт артып отыр­ға­нын, әділетті қоғам құруда жас буын­ның рөлі айрықша екенін жеткізді.
– Дамыған елдердің тарихына үңіл­сеңіз, алдымен жастарға көбірек көңіл бө­ліп, олардың саналы тәрбие мен са­па­лы білім беруді қолға алғанын бай­қай­мыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Ке­­мелұлының Жаңа Қазақстанды құру­да жас буынға үміт артқаны өз Жол­дауында айқын көрініс тапты. Қа­зір жоғары оқу орнын аяқтаған жас тү­­­лек­терді жұмысқа орналасу мәселесі алаң­дататыны рас. Жастарға жан-жақ­ты қол­дау мемлекетіміздің басты мін­дет­тері­нің бірі екенін айтып, келесі жы­­лы 100 мың жастың жұмыспен қам­ты­латынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қол­дау көр­сету мақсатында оларға жеңіл­детілген тәртіппен 2,5 пайыз бо­ла­тын шағын несие берілетінін мәлім­де­ді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын биз­несте жас­тардың тың баста­ма­лары­мен жаңа дең­гейге көтерілетініне нық се­німдімін. Берекелі қоғамның бас­тауы, әділетті мем­лекеттің негізі де жас­тар, – деді ол.
Сонымен бірге Жолдауда студент­тер­дің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жал­дауға кететін шығынын субсидиялау мүм­кіндігін де қарастыруға болатыны ай­тылғаны студенттерге жеткізілді. Айта кетейік, мұндай пікірлесу алаңы қала жастары арасында мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады.

Шымкент қаласы