Алжирге арналған көрме
Алжирге арналған көрме
553
оқылды
Елордада қуғын-сүргінге ұшыр­аған қазақ зиялыларының тағды­рынан хабар беретін құнды құжат­тар мен заттар қойылған көрме жұмысын бастады. «Алжир» мемориалды кешенінен әкелінген тарихи құнды жәдігерлер, құ­жаттар мен заттар көрмесін қала тұрғын­дары мен қонақтары тегін тамашалай алады. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.
«Жыл сайын орталық «Алжир» ме­мориалды кешеніне арналған көрме ұйымдастырады. Мақсат – қазіргі және кейінгі ұрпаққа «Алжир» тарихы мен сол жылдары болған тарихты таныта түсу. Бүгінгі көрмеге ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жеке заттары, оларға қатысты құжаттар, суреттері мен киім-кешек тағы басқа құнды дүниелер қойылған. Сондай-ақ біздің орталық сол уақытқа тиесілі әлі ашылмаған дүниелерді зерттеуді қолға алмақпыз. Тағдыры «Алжир» лагерімен байланысты тұлға­ларға қатысты әлі ашылмаған қаншама дүние бар», – деді Мәдениет және спорт министрлігі Сирек кітаптар және қол­жазбалар ұлттық орталығының дирек­торы Жандос Болдықов.
«Алжир» лагері қаланың сыртында орналасқан. Сондықтан лагерді екінің бірі барып тамашалай алмайды. Осыған орай ұйымдастырушылар келушілерге ыңғайлы болуы үшін көрмені қалаға алып келген.

К.ЕСІМХАН