Кәсіпкерге қолдау көп
Кәсіпкерге қолдау көп
288
оқылды
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға көп көңіл бөлінетіні баршаға мәлім. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау қар­жылай және қаржылай емес іс-шаралар түрінде кеңінен көр­сетіледі. Осы ретте кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бас­тамасы бар азаматтарды ақпараттық-талдамалық тұрғыда қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл шараның барлығы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкер­лікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылып жатыр. «Кәсіпкерлер мен кәсіп­керлік бастамасы бар азаматтарды ақпараттық-талдамалық тұрғыда қамтамасыз ету» құралы эконо­миканың барлық секторында жұ­мыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне және кә­сіпкерлік бастамасы бар азамат­тарға қайтарымсыз негізде көр­сетілетін ақпараттық-консульта­ция­лық қызметтер кешенін қам­тиды.
«Өңірлік кәсіпкерлер палата­сының моноқалалардағы, шағын қа­лалардағы және аудан орталық­тарындағы филиалдарында іске асырылады. Бүгінде елімізде бар­лығы облыстық деңгейде 19 және аудандық деңгейде 190 Кәсіп­керлерге қызмет көрсету орта­лы­ғы (КҚКО) бар. Ал облыс орта­лық­тары, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана үшін ЭЦҚ арқылы тіркеу жолымен «Атамекен» ҰКП-ның www.G4B.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бүкіл республика бойынша жеке қа­білеттер мен бизнес-біліктілік­терді дамыту мақсатында тегін вебинарларға ZOOM-плат­фор­масына сарапшы-спикерлер ша­қырылып және YouTube кана­лын­да тікелей эфирде барлық қаты­сам деушілер үшін апта сайын онлайн шеберлік сабақтары өтеді. 2021 жыл мен 2022 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша кәсіп­керлерді ақпараттық-талдамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінен 63 370 клиентке 284 920 кеңес берілді», – дейді «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микро­қаржыландыру департаменті директорының орынбасары Абай Мүслімов.
Атамекен ҰКП Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарды ақ­параттық-талдамалық тұрғыда қам­тамасыз ету жөніндегі қыз­мет­тер келесідей шараларды қам­тиды. Мемлекеттік қолдау шара­лары туралы ақпараттандыру және консультация беру бағыты бойынша: 1) ШОБ субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шаралары туралы хабардар ету; 2) ұлттық жобалар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша консультация; 3) шарттар, ак­тілер, шот-фактуралар және жүк­құжаттардың үлгілерін да­йын­дау мәселелері бойынша кон­сульта­ция; 4) кәсіп бастау және жүргізу мәселелері бойынша консуль­тация. Ал өтінімдерді сүйемелдеу бағыты бойынша: 1) лицензиялар мен рұқсат құжат­тарын алу мә­селелері бойынша сүйемелдеу; 2) екінші деңгейдегі банктер, басқа қаржы ұйымдары, сондай-ақ даму институттарында қар­жы­ландыруға дейін және кейін қа­жетті құжаттарды жинау, со­ның ішінде кепіл мүлкін баға­лауда сүйемелдеу; 3) екінші дең­гейдегі банктерде, басқа қаржы ұйым­дарында, сондай-ақ даму инс­титуттарында қаржыландыру ал­­­ғаннан кейін құжаттарды жи­науда сүйемелдеу; 4) құжаттарды жинауға сүйемелдеу және сатып алу/байқау/тендерге қатысу үшін, соның ішінде жер учаскесін алуға өтінім ресімдеу; 5) кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тір­кеу­ге құжаттарды дайындау; 6) он­лайн кассалар мен бақылау-кас­са машиналарын тіркеуге және ор­натуға құжаттарды да­йын­дау; 7) инженерлік желілерге (газбен жаб­­дықтау, сумен жаб­дықтау, кәріз, электрмен жабдық­тау) қо­сыл­ған кезде құжаттарды және тех­ни­калық шарттарды алуда сүйемелдеу.
«Ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асып келе жатқан бұл жұ­мыстар 8 жылдан бері жалғасып келеді. Кәсібін енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіп­керлер үшін тегін қаржылай емес қолдау көрсетудің маңызы зор. Әрі кәсіпкерлер арасында да үл­кен сұранысқа ие. Бұған клиент­­­тер санының жыл сайын артып келе жатқаны дәлел. Әрбір кәсіп­кер біздің орталыққа келіп, өзі­мен бірге растайтын құжат­тарды (мемлекеттік тіркеу туралы куә­лік, жеке куәлік) әкеле оты­рып, көр­сетілетін қызметтердің кез кел­генін ала алады. Қызметтер үздік­сіз және тегін екі бағытта көр­сетіледі. Бірінші бағыт – кә­сіп­керлер және кәсіпкерлік бас­та­масы бар азаматтарды ақпарат­тық-талдамалық тұрғыда қамта­масыз ету. Аудандық деңгейде менеджер-кеңесшілер қаржы инс­титуттарымен жұмыс істеу шарт­тарын түсіндіреді. Жеке биз­нес ашу және жүргізу бойынша консультация береді және оған сүйемелдеу көрсетеді, мемлекет­тік қолдау шаралары туралы ақпарат береді», – дейді Абай Мүслімов.
Кәсіпкерлерді қолдаудың екінші бағыты – сервистік қолдау. Сервистік қолдау экономиканың барлық секторында қызмет ете­тін, жұмыс істеп жатқан кәсіп­кер­лерге көрсетіледі. Мұнда 4 мамандан­дырылған қызмет тегін ұсыны­лады. Бұл бухгалтерлік және са­лық­тық есепке алуды жүргізу, сон­дай-ақ заңды мәсе­лелер мен конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша статистикалық есепті­лікті жасау, маркетинг мә­селелері және қаржыландыру, мем­лекеттік қолдау шараларын алу бойынша қызметтер. Кәсіп­кер­лердің үлкен ауқымын қамту және барлық кәсіпкерге қызмет­тердің қол­же­тім­ділігін қамтама­сыз ету мақса­тында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қа­лалар – Астана, Алматы және Шымкентте об­лыстық және аудандық КҚКО-лар құрылды. Анықтама үшін айтар болсақ, 2021 жылы сервистік қолдау құ­ралдары бойынша 26 718 клиентке 31 788 қызмет, ақпарат­тық-тал­дамалық қамтамасыз ету бойын­ша 70 566 клиентке 169 194 қызмет көрсетілген.