Сауат Нұрғалиев Шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 1-11 қазанда Әзербайжанда өтті.
«Біз медаль үшін соңына дейін тайталастық. Шахматшылар өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медаль үшін бақ сынаймыз», – деді команда капитаны Павел Коцур.