Шахматшы Сауат Нұрғалиев алтын медаль жеңіп алды
Шахматшы Сауат Нұрғалиев алтын медаль жеңіп алды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінен алынды
244
оқылды
Сауат Нұрғалиев Шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 1-11 қазанда Әзербайжанда өтті.
«Біз медаль үшін соңына дейін тайталастық. Шахматшылар өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медаль үшін бақ сынаймыз», – деді команда капитаны Павел Коцур.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдағанын жазған болатынбыз.