Бас прокурор Медеу аумағындағы жерді заңсыз иеліктен шығару дерегін тексеруді тапсырды
Бас прокурор Медеу аумағындағы жерді заңсыз иеліктен шығару дерегін тексеруді тапсырды
© vlast.kz
158
оқылды
Бас прокурор Берік Асылов Алматы прокуратурасына Алматы әкімдігінің Медеу табиғи саябағының белгілі бір аумағын мемлекет қорғауынан шығарып тастағаны туралы ақпаратты шұғыл тексеруді тапсырды. Бас прокурордың айтуынша, егер аталған ақпарат расталса, кінәлілерді жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынатын болады.
«Алматы қаласының прокурорына Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың Медеу табиғи саябағы аумағының бір бөлігінің иеліктен шығарылғаны туралы сауалы бойынша ақпаратты жедел тексеруді тапсырдым. Егер ақпарат расталған болса, оларды жою және кінәлілерді жауапқа тарту шаралары қабылданатын болады», – деп жазды Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында.
Еске салсақ, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен Медеу табиғи саябағы аумағының 20 пайызын тұрғын үй құрылысына бергенін және одан саябақ басшылығының хабарсыз болғанын мәлімдеген еді.