Ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы қаралады
Ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы қаралады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста де­путаттар рақымшылық жасау туралы, ұлттық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету және арнау­лы мемлекеттік органдардағы қызмет мәселелері туралы заң жобаларын, сондай-ақ «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдады. «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер жөнінде Мә­жілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау баяндама жасады. Оның айтуынша, заң жобалары елді мекендерді белгілі бір критерийлер бойынша агло­ме­рацияға жатқызуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Үкіметтің, уә­кілетті орган мен жергілікті ат­қарушы органдардың осы саланы реттеудегі жауапкершілігін нақ­тылайды.
– Заң жобалары Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыр­күйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. Олар елімізде агло­мера­циялардың қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктерді жасауға, агломера­цияларды дамытуда жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, агломерацияларды дамытуды ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағыт­тал­ған», – деді А.Рау.
Сондай-ақ Мәжіліс рақым­шы­лық жасау туралы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен арнаулы мемлекеттік органдар­дағы қызмет мәселелері туралы заң жобаларын жұмысқа алды. Бірінші оқылымда депутаттар цифрлық активтер туралы заң жобасын және оған ілеспе түзету­лерді мақұлдады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша Мәжілістің Экономи­калық реформа және өңірлік даму комитетінде әзірленді. Бұл жұ­мыс­қа мемлекеттік органдар мен сарапшылар тартылды. Жаңа заң жобасы Салық кодексі мен Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы кодексті, «Рұқсаттар және хабар­ламалар туралы» және «Ақпарат­тандыру туралы» заңдарды, сон­дай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Консти­туциялық заңды қамтиды. Сондай-ақ депутаттар Қа­зақстан Республикасының Үкі­меті мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы диплома­тиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық меке­мелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қыз­меті туралы келісімді ратифика­ция­лады. Заң жобасын Сыртқы істер вице-министрі Роман Васи­ленко мен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің мүшесі Айдос Сарым таныстырды. «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасы бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толық­тырулар енгізуді екінші оқылымда мақұлдады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мү­шесі Құдайберген Ержанның ай­туынша, бұл заң жобасы ка­дас­трлық өлшемдердің дәлдігіне қо­йылатын талаптарды кү­шей­теді. Сондай-ақ отырыста мәжі­ліс­мендер атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолдады.