Қостанай облысындағы 6 жасар егіздердің өлімі: полиция мәлімдеме жасады
Қостанай облысындағы 6 жасар егіздердің өлімі: полиция мәлімдеме жасады
Фото: mail.kz
589
оқылды
Рудныйда алты жасар егіздердің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіге түсініктеме  берді.  «Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында. Осы арада қостанайлықтар мессенджерлерде анасы балалардың өліміне есірткіден улану себеп болуы мүмкін екенін айтып жатқан аудиожазба таратты. Жазбаға сәйкес, анасы мен ұлдары дүкенге барғанда балалары сыртта қалған. Анасы дүкеннен шыққанда, екі ұлының қолында кәмпит бар екенін көрген. Балалар тәттіні бейтаныс аға ұстатып кеткенін айтады. Үйге келгенде әйел кәмпитті қоқыс жәшігіне тастаған. Бірақ, балалары оны сол жерден алып жеуі мүмкін. Әйелдің айтуынша, балалар бүгін жерленеді. Бұған дейін хабарланғандай, Рудныйда алты жасар екі бала ауруханадан шыққан күннің кешінде қайтыс болған.