Қостанай облыстық ПД әлеуметтік желіде пайда болған ағайынды егіз баланың есірткі затынан улануы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Өңірдегі ПД баспасөз қызметі желіде тараған ақпараттың расталмағанын атап өтті.
Сондай-ақ, полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
12 қазанда Рудный ауруханасына 2016 жылы туған егіз бала келіп түсті. Кейінірек балалар анасының талабы бойынша ауруханадан шығарылды. 12 сағаттан кейін балалар қайтыс болды.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға келіп түскен кезде балалар аяғы ұстамай, әлсіздік танытуы, ұйқының келе беруі және эмоционалдық тұрақсыздық мазалайтынын айтып, шағымданған.