Теміржол өткелінде жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды
Теміржол өткелінде жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды
509
оқылды
Маңғыстауда жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды. Қайғылы жағдай, теміржол өткелінде болды, деп хабарлайды Lada.kz сайты. Көліктегі полиция қызметінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЗД-14-РЗД-15» теміржол өткелінде, сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы қаза болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 бабы бойынша (Еңбек қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.