«Астана Татарстанда орналасқан, демек Ресей субъектілерінің бірі»: сауалнамаға қатысқан ресейліктер осылай жауап берген
«Астана Татарстанда орналасқан, демек Ресей субъектілерінің бірі»: сауалнамаға қатысқан ресейліктер осылай жауап берген
© видеодан алынды
895
оқылды
Әлеуметтік желіде ресейліктер арасында жүргізілген сауалнама жарияланды. Онда қатысушылар «Астана мен Нұр-Сұлтан қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Қатысушылардың ішінде қала Ресейде орналасқан деп жауап бергендер де бар.
«Ресейде орналасқан. Татарстан Ресей субъектілерінің бірі ғой. Ресейге  тиесілі», – дейді олар.
Видеода сұралғандардың аз бөлігі бұл қалалар Қазақстанда орналасқанын айтады. Бірақ олар екі атаудың бір қалаға тиесілі екенінен хабарсыз болып шықты. Тек бір адам ғана Астана мен Нұр-Сұлтан бір қала екенін дәл айтты. Айта кетейік, елордамыз Астана қаласы 2019-2022 жылдар аралығында  Нұр-Сұлтан деген атауға ие болды. https://www.youtube.com/watch?v=0_WhZczNIXU&t=9s