Астана LRT: Маған әлі ештеңе сеніп тапсырылған жоқ – Өскенбаев
Астана LRT: Маған әлі ештеңе сеніп тапсырылған жоқ – Өскенбаев
243
оқылды
Елордалық LRT құрылысының жобасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілген жоқ. Бұл туралы басқарма басшысы Қайырбек Өскенбаев хабарлады. Оның айтуынша, қазір жобаны жергілікті атқарушы орган – Астана қаласының әкімдігі толығымен жүргізіп отыр.
"Олар бұл салаға жауапты деп ойлаймын. Егер бұл жоба министрлікке берілсе, онда мен LRT жұмыс қозғалысының алгоритмін беремін. Маған әлі ештеңе сеніп тапсырылған жоқ", – деді Өскенбаев.
Бұған дейін Астана әкімі Алтай Көлгінов LRT-тің болашақ тағдыры туралы айтқан болатын.
"Біз бірінші траншты 20 млрд теңге көлемінде бөлдік. Қыркүйек айында эстакадалардың жұмысы басталатынын көресіздер, арқалықтарды төсеп, жаңа қадаларды төсеп, инфрақұрылым жүргіземіз. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінді", – деген ол жобаға 1 млрд долларға жуық қаржы жұмсалғанын айта отырып.
Көлгінов сонымен қатар жұмысты аяқтау үшін тағы 577 млн доллар қажет екенін айтты.
«Үздіксіз қаржыландырумен» ғана LRT екі жылда салынуы мүмкін", – деді әкім.