Жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
240
оқылды
Полиция қызметкерінің жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
Ведомство 17 қазанда түнгі сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қайтыс болғанын мәлімдеді.
Toyota Carina жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Seat Alhambra көлігімен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, сол көліктің екі жолаушысы мен екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Seat Alhambra жүргізушісі зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада.