Дәрігерлер Сәтбаев қаласында оқ тиген жігіттің денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер Сәтбаев қаласында оқ тиген жігіттің денсаулығы туралы айтты
Фото: author.today
893
оқылды
Кеше Сәтбаев қаласында атыс болды. Оқ тиген 24 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   1998 жылы туған ер адам 18 қазан күні сағат 20.09-да Жезқазғандағы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген болатын. Жәбірленушінің оқ жарақатынан оң жамбасы мен жыныс мүшесі зақымданған.
«Сонымен қатар арқасы мен жауырынынан пышақтаған. Сүйектері аман. Шұғыл түрде жедел емделуге алынып, одан әрі урологиялық бөлімшеге жатқызылды», – деді дәрігер.
Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы бүгін науқас травматология бөліміне ауыстырылғанын хабарлады.
«Пациенттің жағдайы тұрақты. Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды. Өйткені жарақаты көп. Сонымен қатар ол урологтардың да бақылауында болады. Тиісті емін алып, жарақатын қайта таңып жатыр» делінген хабарламада.
Бұған дейін атысқа қатысы бар күдіктілер ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.