Алматы мен Қонаев қаласының арасында пойыз қатынаса, көлік кептелісі азая ма?
Алматы мен Қонаев қаласының арасында пойыз қатынаса, көлік кептелісі азая ма?
Фото: new.qazaquni.kz
668
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында жергілікті  халықпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Алматы мен Қонаев қаласының арасында теміржол салуды тапсырды. «Облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Жолаушы және жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы автожолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет. Бұрын екі ортада арнайы электр пойызы қатынайтын. Соны қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді. Алматы облысы Алматы шаһарының іргесінде және Қытай шекарасына жақын орналасқан. Мұнда аймақаралық көлік дәліздерін дамыту аса маңызды. Күре жолдар жүк және жолаушы тасымалының көлемін арттырады. Сондай-ақ, бір облыстың ғана емес, тұтас елдің дамуына септігін тигізеді», – деді Президент. Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласында студенттер үшін жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес екенін айтқан болатын.