Белгород облысындағы полигонда 11 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған тәжіктердің жеке басы анықталды
Белгород облысындағы полигонда 11 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған тәжіктердің жеке басы анықталды
Фото: 24.RU
336
оқылды
Белгород облысындағы әскери полигонда 11 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған Тәжікстан азаматтарының кім екені белгілі болды, – деп хабарлады ASTRA басылымы. «Олар 23 жастағы Рахмонов Мехроб пен 24 жастағы Эсхон Аминзод болып шықты. Тәжікстан азаматтары еріктілер ретінде мобилизацияланған (…). 4 күн өткен соң, 15 қазанда автоматпен әскери қызметшілерді атқан. Олардың көзі жойылды», – делінген жарияланымда. Сонымен қатар Белгород облысындағы полигонда көз жұмған 11 әскери қызметшінің тізімі жарияланды. Айта кетейік, қайғылы оқиға Ресейдің Белгород облысындағы Батыс әскери округінде болды.