"Айыппұл көлемі - 396 400 теңге... Мен үшін көп ақша, заңгерлердің көмегіне жүгініп, шағымданамын. Өз елімнің патриотымын, бірақ биліктің мына әрекетінен кейін, тіпті елден кетіп қалғым келді", – деген еді Құрманбаев.Бұл оқиға сол тұста әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Желіде #меніңбайрағым #этомойфлаг хэштегін қолданушылар көбейе түсті. Кейбір қолданушылар интернетте Қазақстанның Мемлекеттік туы жанында түскен суреттерін жариялады. Сол Жандос – туған халқының патриоты бүгін Тик-Ток желісінде әрекетін тағы қайталады. Өйткені, заң өзгерген, уақыт басқа, мемлекеттік жүйеде де әлдебір жаңашылдық бар.
"2015 жылғы оқиғадан соң, өзімді елімде бөтен адамдай сезінген едім. Бірақ қоғамдық қолдау мен резонанстың арқасында бүгінде Туды еркін желбіретуге қол жеткіздік. Әлі есімде, сол күндері мені учаскелік полиция бастығы жиналысқа шақырды. Ол мына сөздерді айтты: «Мен сенің жағыңдамын, балам. Бірақ тыныш тұрған қайықты шайқама, үшінші тарап күштері бұл тақырыпты көтеріп, арандатушылық ұйымдастыруы мүмкін. Сіз оған тосқауыл бола алмай қаласыз». Сол күндері мыңдаған қазақ ынтымақтың белгісі, заңға қарсылық ретінде балкон мен терезеге жалау ілсе, бүгінде балконға Ту тігу – Қазақстанның барлық азаматтары үшін заңды шара. Қазіргі жастардың ұлтжанды, Туын шын сүйетінін көріп жүрмін. Бұл олар үшін – менен лайфхак: балконға туды қалай ілу керек? Көріп алыңыздар!" – деді Жандос Құрманбаев.Ол мұны Республика күні мен Тәуелсіздік күні дәстүрімізге айналдыруды ұсынамын деді.
@qazaqwave В 2015 году сотрудники полиции совместно с работниками Акимата устроили на меня облаву, за вывешенный флаг с балкона. Помню то унизительное состояние, когда в моей квартире посторонние люди в форме устроили допрос, заполняя протокол за «нарушение правил использования государственного флага РК». Уходя - изъяли флаг, как орудие преступления. В тот день я почувствовал себя чужим в собственной стране. Но благодаря общественной поддержке и резонансу - сегодня вывешивать флаг не только можно, но и нужно. Помню в те дни меня пригласил к себе на встречу глава местной полиции. Он сказал такие слова: «Я полностью на твоей стороне, балам. Но сен қой давай, не раскачивай лодку, сторонние силы могут подхватить эту тему и устроить провокацию. Не выгребешь». В те дни тысячи казахстанцев стали вывешивать флаги с балконов и окон в знак солидарности, и сегодня флаг с балкона - законное действие для всех граждан Казахстана. Вижу, что сегодняшняя молодежь - патриотично настроена, и по-настоящему любит свой флаг. Именно для них - мой лайфхак: как повесить флаг на балконе. Предлагаю сделать это нашей традицией - в День Республики и на День Независимости.
♬ оригинальный звук - Жандос Курманбаев